№5 орта мектеп оқушылары Астана қаласының 20 жылдығына арналған өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Астанам – елдің бесігі» , «Мен елімді жырлаймын» музыкалық - поэтикалық фестиваліне қатысты. Іс-шараға Петропавл қаласының 19 мектебі қатысты. Біздің оқушылар бұл фестивальда « Менің Қазақстаным » атты әдеби –музыкалық композициясын көрсетті. Композицияны Сайдлер А., Мирзазада Д. Және Мукасеева Е. « Сиқырлы айна » сахналық көрінісінен бастады. Әрі қарай Лукина К., Рыбалкина Л., Шушина В. және Федоренко Я. Астана қаласы туралы өлең шумақтарын жатқа оқыды. Есетов А. және Есетов Н. «Ұлы дала» әнін орындады. Композицияның соңын «Шаңырақ» биімен аяқтады. №5 орта мектеп оқушыларының әдеби - музыкалық композициясы әділқазылар алқасының көңілінен шықты. Олар ІІ орын иеленіп қайтты.