«№5 орта мектеп» КММ 17-21 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған «Тіл – елімнің ертеңі» атты тілдер апталығы өтті. Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары түрлі іс- шаралардың өтуіне ат салысты. Мектеп кітапханашысы Г.М.Кабулова «Тіл- ел бірлігі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Апталықтың ашылу салтанаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті. Орыс тілінің мұғалімі Л.Е. Калеганова «Язык мой- друг мой» атты ауызша журнал өткізсе, ағылшын тілінің мұғалімі А.А. Шайхина 9-сынып оқушыларымен «Тіл- елімнің ертеңі» тақырыбына шығармалар байқауын өткізді.
Бастауыш сынып оқушыларымен апта бойы суреттер көрмесі жүргізілді. А.С.Уәйісова мектепалды сынып және 3-сынып оқушыларымен «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сабақ көрсетті. Онда оқушылар түрлі жұмбақтарға жауап беріп, қазақ тілінде тақпақтар айтып, өз өнерлерін көрсете білді. 5-сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты сыныптан тыс іс-шара да өз деңгейінде өтті. Оқушылар үш топқа бөлініп, оларға әртүрлі тапсырмалар берілді. Қазақ тілінде оқушылар өз ойларын толық айтты. Өздерінің жылдамдықтарымен, өнерлерімен, білімдерімен «Шаттық» тобы жеңіске жетті. 9-сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.Ю.Горбатова «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты ойын-сабақ өткізді. Сайысқа белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Мектебіміздің тіл мамандары түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың үш тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді. Тілдер апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.