Меню KDT

Жаңалықтар

Бала қауіпсіздігі айлығы

  Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті балалардың қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпсіз өмір сүру негіздерін қалыптастыру бойынша санасы мен дағдыларын арттыруға бағытталған «Қауіпсіз болашақ» жобасын әзірледі. Осы жоба аясында 2023 жылдың 13 қарашасы мен 13 желтоқсаны аралығында «Бала қауіпсіздігі» айлығы өтуде. Айлық аясында ата-аналар жиналысында «Балалардың қауіпсіздігі – үлкендердің қамы» мәселесі талқыланады.

Балалардың қауіпсіздігі көбіне балаларға не кеңес беретінімізге және нені үйрететінімізге байланысты. Біздің міндетіміз – баланы қорғау, оны әртүрлі қиын, кейде қауіпті өмірлік жағдайларға қарсы тұруға дұрыс дайындау, балалардың сол немесе басқа жағдайда өзін жайлы сезінуіне барлық жағдайды жасау.

    Ересектердің балалар алдындағы басты жауапкершілігі – балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмей өмір сүріп, дами алатын қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету. Сондықтан балалардың денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізетін қауіптердің алдын алу үшін біз әрқашан толық қарулануымыз керек.



Просмотров: 33

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда281
  • Осы аптада64
  • Кеше8
  • Бүгін11
  • Желіде:0

Полезные ссылки