Меню KDT

Жаңалықтар

8 Наурызға арналған мерекелік концерт

 

 Бұл күн ерекше, күн шұғыласымен, әйел күлкісімен нұрланып, шашыраңқы гүлдермен, нәзіктікпен безендірілген. Мереке қарсаңында Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты концерт өткізілді. Бұл күні мейірімді де нәзік, батыл сонымен қатар сезімтал жақындарымыз мен сүйікті жандарымызға ерекше тілектер айтылды.Аналарымыз бен әжелерімізден, жалпы әйел қауымынан қуаныш пен қамқорлықты сезінеміз! Оларсыз біздің өмірімізде мейірімділік, жақсылық, махаббат пен жарқын сәттер болмас еді. Концертті мектебіміздің ерлер «тобы»- жоғарғы сыныптың жасөспірімдері өткізді. Көктемнің алғашқы мерекесінде көрермендер көктем, әйел, ана және де махаббат туралы өлең шумақтары мен музыкалық құттықтауларды тамашалады. Концерт мерекелік және қуанышты атмосферада өтті. Әрбір номерді көрермендер зор ықыласпен қарсы алды. Сахнада өнер көрсеткен әртістерімізге мұғалімдер, аналар мен мектебіміздің қыздары қолдау көрсетті.

 



Просмотров: 82

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда263
  • Осы аптада42
  • Кеше3
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки