Меню KDT

Жаңалықтар

«Жол әліппесі» ойын бағдарламасы

Жол қозғалыс ережелері-көшелер мен жолдардың заңдылықтары. Әркім оларды білуге және орындауға міндетті. Әрқайсымызға көшені немесе жолды кесіп өтуге тұра келеді. Біз қоғамдық көлікпен жүреміз, кейбіріміз велосипедпен жүреміз-бәріміз де жол қозғалысының қатысушыларымыз.Сондықтан әр адам жол ережесін біліп, жол ережесін сақтау керек.

Бастауыш сынып оқушыларымен «Жол әліппесі» ойын бағдарламасы өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты заңға бағынышты жол қозғалысының қатысушысын тәрбиелеу, балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын-алу. Балалар жол ережесін қайталады, қауіпті жағдайларды түсіндірді, жол белгілері бойынша өз білімдерін көрсетті, үлкен құштарлықпен «Таяқшаны бер» ойынына қатысып,жаяу жүргінші ұстанатын жол ережелерін атап берді. «Көңілді бағдаршам» эстафетасында балалар шарлардан бағдаршам құрастырды.Топтар ептілік пен шеберлік танытып, алға қойған тапсырмаларды орындады. Балалар барлық сынақтардан өтіп, жол жүру ережелерін жақсы білетіндіктерін, қоршаған ортада тез үйрене алатындықтарын көрсете білді.







Просмотров: 223

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда271
  • Осы аптада86
  • Кеше8
  • Бүгін8
  • Желіде:0

Полезные ссылки