6 маусым – орыс халқының сүйікті ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің туған күні. Ұлы ақынының әдеби шығармасы өмір бойы біздің серігіміз болды. Оның шығармалары барлық жастағы адамдарды біріктіреді және әлемнің ондаған тілдеріне аударылған.
Балалар ұлы жазушының ертегілерін еске түсірді, «Пушкин ертегілерінің үздік шебері» сайысына белсенді қатысты. «Күн сәулесі» жасағында балалар сайыс сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар сөзжұмбақ шешті, ертегілерге арналған иллюстрациялардан сөздерді таңдады, А.С. Пушкин ертегілерінің басты кейіпкерлерін еске түсірдік.
«Күлкі» жасағының балалары ертегі тыңдады, суреттерді бояуда шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ал «Тамшылар» жасағы интерактивті презентациямен жұмыс жасап, жұмбақтар шешіп, сурет салды.
Балалардың әрқайсысы біраз уақыт А.С.Пушкиннің ертегілер әлеміне саяхаттап, қуанышты сезімде болды.