Меню KDT

Жаңалықтар

№3 Өрт сөндіру бекетіне экскурсия

Өрт сөндірушілерді құрметтеу, олардың жұмысына қызығушылық - өз мінез-құлқына деген байсалды көзқарасты қалыптастыруға ынталандыру, отпен ойланбаған ойындарға кедергі. Кәсіби өрт сөндірушілер бұл туралы айтқан кезде балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлде басқаша меңгереді.
30 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 3-сынып оқушылары Петропавл қаласының №3 өрт сөндіру бекетіне экскурсияға барды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылық пен құрметті ояту, балаларға өрт кезіндегі іс-әрекеттерді түсіндіру және өрттің алдын алу туралы  әңгіме жүргізу.

№3 өрт сөндіру бекеті қызметкерлері оқушыларға өрт сөндіру киімдерін және апаттық-құтқару техникасын көрсетті. Сондай-ақ балаларға өрт сөндіру бөлімшесінде бар өрт сөндіру көліктері олардың қалай жұмыс істейтіндігі, немен жабдықталғаны туралы айтылды.

Жеке құрам  оқу дабылын ұйымдастырып, автокөліктің гараждан шығуын , өрт сөндіру түтіктерін шығару мен  сумен қамтамасыз етуді көрсетті.

Балаларды әсіресе биіктігі 36 метр болатын өрт сатысы қызықтырды. Кейбіреулер оны іс жүзінде сынап көрді.

Балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Мектеп оқушылары өрттің алдын алуға, өртті сөндіруге және адамдарды құтқаруға атсалысқандармен болған әңгімеден көптеген пайдалы ақпарат алды.

 



Просмотров: 107

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда171
  • Осы аптада44
  • Кеше8
  • Бүгін3
  • Желіде:0

Полезные ссылки