Оқушыларды саналы және өз бетінше мамандық таңдауға дайындау мақсатында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы аясында ағымдағы жылдың 17 мамырында 9-сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжіне
экскурсияға барды. Мектеп оқушыларының назарына колледждің материалдық-техникалық базасы көрсетілді, студенттердің Worldskills Kazakhstan қозғалысы, түрлі деңгейдегі олимпиадалар, спорттық жарыстардағы жетістіктері туралы әңгіме қозғалды, шығармашылық секцияларда, үйірмелерде, өз ойын көрсету мүмкіндіктерімен танысты және колледжде оқудың артықшылықтарын атап өтті.
Сондай-ақ колледж дипломымен жоғары оқу орындарында білім алудың келешегі туралы да айтылды. Экскурсия соңында оқушыларға емтихандарды сәтті тапсырып, болашақ мамандығын таңдаған кезде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға көңіл бөлулеріне тілек білдірді.