Осындай атаумен 2-3 сынып оқушыларына Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында іс-шара өтті. Мерекені Р.Р.Гайнанованың жетекшілігімен «Арман-ай» би тобының қатысушылары достық дөңгелек биімен ашты. 2-сынып оқушылары жиналғандарды мерекенің тарихымен таныстырды, Отан туралы өлеңдер оқыды. 2-Б сынып жетекшісі И.А. Груднистая біздің ортақ тамырымызды еске түсіріп, балаларға халықтар бірлігі барлық уақытта еліміздің басты ұлттық идеясы, оның лайықты болашағының кепілі болғанын және болып қала беретінін түсіндірді.
2-А сыныбының балаларымен бірге бүкіл зал «Күлкі» әнін шырқады. 2-Б сынып оқушылары флешмоб өткізіп, барлығы бірге «Қара жорға» биін биледі. 3-А сыныбы Қазақстан туралы ән айтты. 3-сынып оқушыларының орындауында Отан туралы өлең жолдары орындалды. Мереке 3-сынып оқушысы Матина Ясминнің орындауындағы достық туралы әнімен аяқталды.
Мереке бейнесюжеттердің түпнұсқа кадрларымен және презентациялардың жарқын слайдтарымен сүйемелденді. Шара барысында шынайы патриоттық рух пен өз Отанына деген сүйіспеншілік туралы ойқозғау бірнеше рет айтылды.