Меню KDT

Жаңалықтар

Қазақстан халқының бірлігі күні.


Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында мектептің барлық сыныптарында «Бірлікте – күшіміз, Қазақстан!» , сондай-ақ «Бейбітшілік мерекесі және Мейірімділік» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Балалар мерекенің тарихы туралы баяндамалар дайындады.

Олар бұл мереке мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуінің кепіліне айналған татулық пен келісімнің, достық пен ынтымақтың символы екенін айтты. Оқушылар Отан, достық туралы өлеңдер оқып, Қазақстан туралы ән шырқады. Сонымен қатар балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Мемлекетімізге тыныштық пен береке тілейміз.

Өткізілген іс-шаралар төзімділікке және Қазақстанда тұратын халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауға тәрбиелеуге, рухани мәдениетін байытуға ықпал етеді.

 

 



Просмотров: 148

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда173
  • Осы аптада46
  • Кеше8
  • Бүгін5
  • Желіде:0

Полезные ссылки