«Бұрым-қыздың сәні» шаш өруден « Junior Skills» конкурсы
Ағымдағы жылдың 28 ақпан күні «И.Даутов атындағы қызмет көрсету колледжі» КММ Петропавл қаласы мектептерінің арасында өткізілген конкурсқа біздің мектептің оқушыларының қатысуына мүмкіндік туды.
Аталған конкурстың мақсаты- мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру және колледждағы «Шаштараз-стилист» мамандығы бойынша шығармашыл жастарды оқуға шақыру.
Конкурстың негізгі міндеттері :
- тұлғаның кәсіби даярлығын қалыптастыру;
- оқушылардың «өздері» таңдаған мамандықты іздеуде танымдық аясын кеңейту;
- сән және сұлулық кәсіби саласында оқушылардың бойында қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік күш-жігерін сынауда кәсіби қызметке жақындастырылған жағдай жасау; «Мектеп бұрымы» номинациясына мектебіміздің 9 «Б» сынып оқушысы Акимова Виктория қатысты, аталған жүмысқа 6 «В» сыныбының оқушысы Тыш Ирина модель болды. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыға сертификат берілді.
Просмотров: 161
Комментарии