26 қаңтарда «№5 орта мектеп» КММ-нің 7 «А» сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің мұражайына барды. Кішкентай қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті мұражайының бастығы Любовь Андреевна Осинская қарсы алды. Мұражай залдарынан өткен алғашқы қадамнан бастап-ақ балалар бай экспозициялар мен шынайы жәдігерлерді тамашалады. Өз ісінің шебері Любовь Андреевна жасөспірімдерге солтүстікқазақстандық полицейлердің басты белестері туралы жан-жақты айтып берді.
Экскурсия Солтүстік Қазақстан полициясының 1700 жылдан бастау алып, қазіргі уақытқа дейінгі құрылу тарихын көрсететін экспозицияларды көрсетуден басталды. Мұражайдың өз кинотеатры мен қару-жарақ қоймасы бар. Балалар үлкен қызығушылықпен полиция формасын, құрал-жабдықтарды, фотосуреттер топтамасын зерттеп, тәжірибелі нұсқаушының әңгімесін мұқият тыңдады.