Меню KDT

Жаңалықтар

«Менің үй жануарым» фотокөрмесі

 Үй жануарлары адам өмірінде өте маңызды, олар жақсы қарым-қатынастың негізі болып табылады. Балалар кішкентай кезінен үй жануарларымен қарым-қатынаста болады,   сүйіспеншілікпен қарап, оларға қамқорлық жасауды үйренеді, сондықтан кішкентай кезінен балаларда мейірімділік, қолға үйретілген үй жануарына жауапкершілікпен қарау сияқты қасиеттер қалыптасады. Отбасындағы үй жануары - күшті тәрбие факторы, сонымен қатар баланың еңбек қасиеттерін дамытуға ынталандыру.

 Мектепте ұйымдастырылған «Менің үй жануарым» атты фотокөрмеге әрбір оқушы қатыса алды. Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына адамгершілік және экологиялық тәрбие беру, балалардың үй жануарларына деген адамгершілік көзқарасын қалыптастыру үшін қажетті қарым-қатынас процесінде жануарларды серік ретінде қабылдау қабілетін дамыту.

  Осы қызықты фотосуреттерге қарап, балалардың үй жануарларын қаншалықты жақсы көретінін және оларға қалай қамқорлық жасайтынын көруге болады. Ертегі кейіпкері Кішкентай ханзаданың «Біз өзіміз бағындырғандар үшін жауаптымыз» деген сөзі оқушыларымыздың ізгі жүректерінде мәңгі сақталады деп ойлаймыз.

 

 



Просмотров: 167

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда172
  • Осы аптада45
  • Кеше8
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки