Меню KDT

Жаңалықтар

Біз салауатты өмір салты үшін

Оқушылардың салауатты өмір салты дағдыларын, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында мектепте «Біз салауатты өмір салты үшін!» атты үгіт-насихат топтары байқау өткізілуде.

Мектептің мәжіліс залына 3-сыныптың үгіт-насихат топтары жиналды.

Сахнада оқушылар дұрыс тамақтануды, тазалық пен гигиенаны, дұрыс ұйықтауды, зиянды әдеттерден бас тартуды, дене шынықтыру мен спортты, қауіпсіз өмір салтын насихаттады. Барлық қойылымдар ортақ тақырыпта болғанына қарамастан бір-біріне мүлде ұқсамайтын жарқын, талантты қойылым  болып шықты.

Әділқазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға соқты, бірақ 3-сынып оқушылары мұндай байқауға бірінші рет қатысқанын ескере отырып, барлығына 1-орын беру туралы шешім қабылданды!

Байқау  XXI ғасырдағы үгіт-насихат топтарының әлі де өзектілігін жоймағанын көрсетті: олар шынайы, әсерлі, нанымды.

 



Просмотров: 138

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда172
  • Осы аптада45
  • Кеше8
  • Бүгін4
  • Желіде:0

Полезные ссылки