Жолда жүру ережелеріне арналған іс-шаралар балаларды оқытуда әрқашан өзекті болып табылады. Бұл қажеттілікті өмірдің өзі айтып отыр. Мектептің міндеті – көшелер мен жолдарды кішкентай жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз ету. Сол себепті 2-3 сынып оқушылары арасында тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Біз ережені «5» ке білеміз» викторинасы өткізілді. 6-сынып оқушылары балаларға жұмбақтар құрастырып, жолда жүру ережелері бойынша сұрақтар қойып, зейінді дамытуға бағытталған «Бағдаршам» ойынын ойнады.
Викторина ойыны түріндегі мұндай сабақтар жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырады, балалардың жолда жүру ережелері және көлікте өзін-өзі ұстау ережелері туралы білімдерін жүйелейді. Жол ережесін меңгерген балалар мақтау қағаздарымен марапатталды!