2023 жылдың 6 қаңтар күні мектеп оқушылары арасында баскетболдан жолдастық ойындар өткізілді. Білетіндей баскетбол тек физикалық және психикалық дамуға жақсы әсер етумен қатар, жалпы тұлғаның қалыптасуына септігін тигізеді. Жарыс үрдісі -қиын жағдайда шығармашылық шешім табуда мотивацияға жетелейді. Ұжымдық ойын мақсатқа жету жолында тактиканы дамытуға ықпал етеді, жеке тұлғаның коммуникативті дағдыларын және бастамашылдығын арттырады.
Жарыста 6-шы, 7-ші, 8-ші сынып белсенді қатысты. Жақсы да қызықты ойын болды. Балалар жанқиярлықпен сайысқа түсіп, соңғы секундтарға дейін қарсыластарымен «шайқасты».
Бірақ , атап өтетін жайт, бұл шараның басты қорытындысы- қатысушылардың жақсы көңіл-күйі мен алдағы уақытта осындай жарыстың қайталануына деген ұмтылыс болды.