Меню KDT

Жаңалықтар

Жаңа жылдық мейрам-тамаша мейрам!

 

Жаңа жыл балалар үшін-ертегі мен ғажайыптар кезі. Осы кезде балалар Аяз Атаны,Ақшақарды және сыйлықтарды күтеді. Жаңа жыл мейрамы- келер жылға деген жақсылық  пен армандардың орындалуына деген үмітке толы мереке.  2022жылдың 27-28 желтоқсан күндері «№5 орта мектеп»  КММ 7-11 сыныптарға арналған Жаңа жылдық мейрам өтті.

Іс-шараға жауапты болған 8 «Б» сыныбы (сынып жетекшісі Горбатова Н.Ю.) мен  10 «А» және 11 «А» (сынып жетекшілері  Мельникова Ю.Ю. и Татаренко В.Н.) сыныптары асқан қиял танытты. Балалар мерекенің қадірлі қонақтары-аяз Ата мен Ақшақардыүлкен қуанышпен қарсы алып, көрермен ғана болмай, мерекеге қатысушыларға айналды: ән айтып, шыршаны айналды, конкурстарға қатысып белсенділік танытты, көңіл көтерді. 

Көрерменге толы зал нағыз өнер көрсетіп жатқан театрға айналды.Балалар өздерінің әртістік шеберліктерін көрсетіп  барлығын таң қалдырды. Ән мен би бір-бірін ауыстырды. Бірнеше сағаттар бір сәттей болып өтті. Осылай біздің мектеп көңілді де қызықты етіп Жаңа жыл мерекесін тойлады. Алда, таңғажайып күндерге толы Жаңа жылдық демалыстар.

Жаңа  жыл мейрамы сәтті өтті.Іс-шара көңілді болып, балалар үйге жаңа жылдық ерекше күш-қуат ала кетті. Осы жаңа жылдық мейрамға ат салысқан барлық ұстаздар мен балаларға үлкен алғыс айтып, жаңа 2023 жылы тек жақсылық тілегіміз келеді.

 



Просмотров: 152

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы

Директор

Опрос

Статистика

  • Осы айда171
  • Осы аптада44
  • Кеше8
  • Бүгін3
  • Желіде:0

Полезные ссылки