https://www.facebook.com/school5petropavl/videos/832436068064562
Республиканың Тәуелсіздік күні аясында «Мен сені сүйемін, Қазақстаным!» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті.
Қалалық турда «Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған Лэпбук» номинациясы бойынша 3 орынды 4 «Г» сынып оқушысы Жұмашева Рауана иеленді!
Байқаудың мақсаты- өскелең ұрпақты отансүйгіштікке және азаматтық жауапкершілікке, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру болды.
Рауананы құттықтай отырып, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!